Бұл туралы жылыту маусымына арналған жиында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жалпы алғанда 19 шақырым жылу желілері қалпына келтірілді.
Мамандар жөндеу жұмыстарын 4 қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отыр. Кейін кемшіліктерді анықтау үшін гидравликалық сынақтар жүргізілмек.
Ал 15 қыркүйекте жылу электр орталығы іске қосылады. Қазір онда қазандықтар мен басқа да жабдықтар жөнделіп жатыр. Осылайша 15 қыркүйектен бастап риддерліктер ыстық сумен қамтамасыз етіледі.