Риддерде жоғалып кеткен 10 жасар қыз табылды

23
көрілім
Фотосурет: ШҚО ПД

Бала жақындарына тапсырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

5 тамыз күні кешке Риддер қаласының полициясына әйел адамнан 10 жастағы қызы Евгенияның сағат 18:00-19:00 аралығында үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабар түсті. Өз бетінше іздегеннен нәтиже болмаған соң ата-ана полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.  
Полиция бөлімінің жеке құрамы еріктілермен бірлесіп, дереу іздеуге кірісті. Олар бала жүруі мүмкін деген жақын маңдағы аймақты аралап шықты.  
Бүгін таңғы уақытта жеткіншек жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде екені белгілі болды. Анықталғандай, қала тұрғыны кешке көшеде келе жатып, жылап тұрған қызды байқаған. Үйге келіп, бірден ұйықтап қалған бала ештеңе айтпаған. Ертесіне әлеуметтік желіде іздеу туралы ақпаратты көрген тұрғын тәртіп сақшыларына хабарласқан.
Қазір қыздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.