Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау туралы өкілдіктен аудан, қала мешітеріне арнайы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Дінмұхаммед Қонаев» мешітінің бас имамы Муратжон Исмаилов пен «Әбу Ханифа» медресесінің тәлімгері, осында тәжірибеден өтуші Нұрлан Жақыпов «Риддер қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» болып, мекеменің жағдайымен танысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Риддер мешітінің бас имамы Муратжон Исмайлов осы мекемедегі балаларға базарлықтарын үлестірген. Атап айтқанда, жас жеткіншектерге қажеттілігіне сай, сөмкелер мен ойыншықтар табыс етіліп, тәттілер таратылған.
– Қасиетті Рамазан айында балаларды қуанта білуіміз керек. Біз осы мекемемен тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. Алдағы уақытта да қолдайтын боламыз, – дейді қалалық мешіттің бас имамы.
Мекеме басшылығы шынайы көмегі үшін қала имамына алғыс білдірді.