Риддердегі жылу электр орталығы «Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамының құрамына қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы «Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен мәлім етті.
-Компания құрамына Риддер жылу электр орталығы қосылды. Бұл жаңа мүмкіндіктер сыйлап, қызмет сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Риддер жылу электр орталығының Instagram желісіндегі жеке парақшасы ашылды.https://www.instagram.com/ridder_teplo/ Тұрғындар барлық ақпаратты сол жерден алып отыра алады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, компания атауы да өзгертілген. Бұдан былай акционерлік қоғам «Шығыс Жылу» деп аталады.
Еске салсақ, бұған дейін Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікте болған.