Соңғы уақытта тұрғындар қоғамдық көлікке қатысты наразылықтарын жиілеткен болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Дәулет Батырбаевтың сөзінше, осы мәселе қазір республикалық деңгейде қарастырылуда.
– Жолаушыларды тасымалдау жағы толық шешімін таппай отыр. Негізі 30-ға тарта автобус желіде болуы керек. Жыл басталғалы 14 автобус қала ішінде қатынап келеді. Сонда тағы 16 қоғамдық көлікке сұраныс бар. Осы ретте тұрғындар тасымалдап жүрген мекеме басшылықтарына тиісті хат жолдадық, – деді әкім.
Кейін Астанада тиісті өкілдермен байланысқа шыққан. Жуықта Риддер бойынша жол жүру бағыттары қайта бекітілді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ