Риддер қаласында прокуратурлар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құзырлы органның қызметкерлері жергілікті қамту бөлімімен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіген. Облыс прокуратурасының «Берекелі отбасы – берекелі балалық шақ» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылғған іс-шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде ұсынылған мамандықтардың тізімі айтарлықтай көп болды. Қаланың әрбір тұрғыны қызметтердің әртүрлі салаларымен танысып, жұмыс берушіге өздерінің түйіндемелерін қалдырды.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне ішкі істер органдарында қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрған, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмаған балалары, алименттік төлемдері бойынша берешектері бар қалалықтар шақырылды. Шара нәтижесінде қаланың 150 тұрғыны жұмыс табу мүмкіндігіне ие болып, алдын ала мәліметтер бойынша 30 адамның еңбек келісімшарт жасасқан.
Мейрамбек Қосажан