Роллан Көксегенов: Дарынның бірде-бір қарсыласы осал болмады

403
көрілім

Дарын Әскербектің жеке бапкері Рим қаласындағы аламан жайлы ортаға салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спорт мамандары 11 жыл көлемінде жасөспірімдер арасында әлемдік бәсекенің алтыны бұйырмағанын айтты. Жуырда Рим бозкілемінде мәресіне жеткен сайыста қазақстандық палуандар бір емес, екі алтын медаль иеленді! Дүбірлі додада оза шапқан Дарынның жеке бапкері Роллан Көксегенов жауапты жарыс алдында дайындықтың тыңғылықты болғанын айтты.
- Дәл осы жасөспірімдер арасындағы жарысқа бір олимпиадалық цикл, яғни төрт жыл көлемінде дайындық жүргіздік. Әлем чемпионатында Дарынның бірде-бір қарсыласы осал болмады. Ең қиыны финалдық кездесу болды. Ұтылып жатып, жеңісті жұлып кету ерекше жанкештілікті қажет етеді. Сәтті жасаған екі әдісі алтын жүлдеге жетеледі. Осының алдында Бішкектегі Азия чемпионаты өтті, оған дейін екі оқу-жаттығу жиынына қатыстық, - деді Роллан Көксегенов.

Әділхан ЕСІМХАНОВ