Рудный қаласының тұрғыны қонақүйде есірткі сақтаған

338
көрілім

Қыркүйек айының 6-сы күні Семей қалалық Полиция басқармасы полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері кезекті операция өткізіп, ескірткі сақтаған адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен Қостанай облысының 22 жастағы тұрғынын құрықтады.
Тінту жүргізу барысында қонақ үй нөмірінен сөмкеде үш рулон изолента, матрацтардың астынан қара түсті барсетка табылды және алынды. Оның ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимерлі пакет және электронды таразы табылып тәркіленді.
- Маман қорытындысына сәйкес психотроптық зат 2-(пирролидин-1-ил), -1-фенилпентан-1-он (а-пирролидиналерофенон, Альфа-PVP) жалпы салмағы – 155,205 грамм болатын есірткі болып саналады, - деді Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.