Рыпакова Цюрихте «Гауһар лигасын» жеңіп алды

706
көрілім
Фотосурет - azh.kz сайтынан .

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Цюрихтегі «Гауһар лигасында» жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Рыпакова төртінші мүмкіндігінде үздік нәтиже көрсетті — 14,55 метр. Екінші орынды Венесуэла атлеті Юлимар Рохаз алды — 14, 52 метр. Үшінші орында Колумбия өкілі — Катерина Ибаргуэн (14,48)

Еске салайық, отандасымыз Лондонда жеңіл атлетикадан тамыз айында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді. Қазақстандық сол кезде 14,77 метрге секіріп, маусымдағы үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын.