Сағадат Нұрмағамбетовтің сенімін ақтаған шәкірт

197
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

Бастеми Жантемірұлы Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тікелей басқаруымен  лауазымды қызметке тағайындалған, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Новосібір жоғары әскери-саяси училищесін үздік бітірген жас офицер Бастеми Жантемірұлы 40 жылдан астам уақытын әскери салаға арнаған. Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобында қызмет етіп, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен аға лейтенант әскери атағын мерзімінен бұрын алған. Кейін туған елге оралып, Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тікелей басқаруымен жас офицер лауазымды қызметке тағайындалады. 

Әскери салада тәрбиеші офицерге артылған жүктің салмағы жеңіл болған жоқ. Жеке құрамның тәртібі, олардың арасындағы моральдық ахуал, әскери жұмыстың тиянақты ұйымдастырылуын қадағалау бірінші міндет еді. Бастеми Жантемірұлының басшылығымен атқарылған жұмыс жоғары нәтиже көрсетіп, полковник әскери атағы мерзімінен бұрын тапсырылған. 

Зейнет демалысына шыққан соң да әскери кафедраға он жылдай басшылық етіп, болашақ офицерлерді дайындап жатыр. Бүгінде ол Қарулы күштерге қатысты іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Жас ұрпақ тәрбиесінде Бастеми Жантемірұлының орны ерекше.

Бастеми Жантемірұлының жары Сағила Пануқызы да саналы ғұмырын әскери салаға арнаған жан. Балалары Арман мен Бауыржан да еліміздегі күштік құрылымдардың офицерлері.