Сақшылардың сақтығы

340
көрілім

Өскемендегі ОВ 156/1 мекемесінде аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Мұндағы мамандар қамауға алынған азаматтармен ұдайы жұмыс жүргізіп, түзеліп кетуіне сәл де болсын сеп болуыға тырысады.

Түзеу мекемесінен босап шыққан азамат қалыпты өмірге бейімделіп, түзу жолдан таймаса, мекемедегі қызметкерлерінің үлесі десек, артық емес. Олай дейтініміз, темір торға тоғытылған әрбіреуі үшін тәрбиелік сағаттар жоспарланған.
– Мекеме қызметкерлерінің еңбектері ерен. Бұл жерде әр маманға ұстамдылық, сабырлық қажет. Орайы келгенде, құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерді, әріптестерді Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын! Ел тыныш, жұрт аман болсын! – деп ОВ 156/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Қанат Құмарханұлы Жусупов ізгі тілегін білдірді.
Иә, аурасы ауыр мекемеде жұмыс істеу оңай ма?! Мінез-құлқы әр алуан адамдармен тіл табысу үшін қажыр-қайраттың, ұстамдылықтың керегі рас. Сонымен қатар, мұнда қауіп те жоқ емес. Десек, сақшылар сауысқандай сақ болуы шарт.