Күн райы ыстық кездерде білігіне сегіз тоннадан астам салмақ түсетін ауыр жүк көліктерінің республикалық маңыздағы автожолдармен жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Облыстық көлік бақылау инспекциясы мұндай тыйымның бұрыннан барын алға тартты. Ауа райы аса ыстық жаз маусымында жол беті жабынының беріктігі азайып, тез тозуына әкеп соғады. Сондықтан артық жүк тиелген ауыр салмақты көліктерді тасжолдарға жіберуге болмайды.
– 1 маусым-15 тамыз аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде білігіне сегіз тоннадан астам салмақ түсетін көліктердің жүруіне тыйым салынады, — деп хабарлады құзырлы мекеме. – Аталмыш кезең аралығында біздің қызметкерлер бұл талаптың сақталуын қатаң бақылайтын болады.