Қазақстанда жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
– Заңнамалық өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Салық төлеушілердің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттің шығындарын өтеу көзделген нормалар қолданылуда. Заңнамалық өзгерістерге қатысты: Салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмен азаматтар үшін тәртіп өзгерді. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 млн-ға жуық жұмысшылар жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады, – деді вице-министр.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ