«Самал» саябағында алма бағын салу жоспарлануда

504
көрілім
Шартты сурет

Ерекше жобаны өскемендік Сергей Бродский ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Кәсіпкер Сергей Бродский көктемде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға жолығып,ерекше ой тастаған. Ер адам қала тұрғындарына жасыл желекті ағаштардың арасында тынығатын, әрі алма теруге болатындай алма бағын салуды ұсынды.
Әкімдік бастамашыл азаматқа қолдау көрсетіп, «Самал» саябағы аумағынан жер телімін берген.
Қазір кәсіпкер футбол алаңының аумағында бақша жұмысын ұйымдастыруға кірісті. Алма ағаштары үшін 1000 шұңқыр дайындалды.
 – Түпті отырғызу жұмыстары келесі аптада көшеттер әкелінген кезде басталады,  деді Сергей Бродский.
Кәсіпкер көшеттерді өз қаражатына сатып алған. Тұрғындар үшін бақшаға бару мүлдем тегін болады деп жоспарлануда. Кәсіпкер Сергей қалада қызықты және ерекше, сонымен бірге коммерциялық емес жобалар болуы керек деп санайды.