Самар ауданы аумағында жиналған қоқыс 100 қаптан асты

144
көрілім

Аудандағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза ойын» шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара басталмас бұрын Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сурашев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Акция барысында аудандағы Жасыл Ел жасақтары мен еріктілері Лайлы өзен жағалауының маңындағы қоқыстарды қапшықтарға жинап арнайы полигонға жіберді.


- Шашылып жатқан қоқыс та аз емес. Әрі судың жағасындағы тал-теректің арасы қалдыққа толған. Жастар барлығын теріп, 100-ден астам қапқа салып, жағалауды тазалады. Шара соңында белсенді қатысқан жасақтар мен еріктілерге естелік сыйлықтар табысталды, - делінген ақпаратта.