Самар ауданы халқының жалақысы шамамен 150 мың теңге

195
көрілім
Фотосурет Turkystan.kz сайтынан

Мұндай ақпаратты жуықта аудан әкімдігінің өкілдері Өскеменде өткен жиында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, осыған дейін Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев тұрғындар жалақысы 293 мың 671 теңгені құрады деген болатын. Ал Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамеджанов жергілікті жұрттың айлығы 150 мың теңгенің айналасында екенін айтты.
Өкініштісі сол, Самар ауданы халқының саны бір-екі жылда көбейе қоймаған. Мұрат Мұхамеджанов жаңа жұмыс орындары ашылып, елдімекендердегі инфрақұрылым реттелсе, қаңыраған үйлердің түтіні қайта түтейтіндігіне сенім білдірді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ