Самар ауданында әкімнің орынбасары тағайындалды

263
көрілім

Ресми ақпаратты аудан басшысы Нұрлан Махамбетов ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.

Конкурстық комиссияның ұсынымына сәйкес бұл қызметке Жасұлан Майкенев тағайындалды.
 Жасұлан Талғатұлы 1985 жылы 26 қарашада Катонқарағай ауданы, Малонарымка ауылында дүниеге келген.
  Білімі жоғары. 2008 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика Академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2005-2006 жылдар аралығында «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының Өскемен қаласы бойынша заңгердің көмекшісі;
2008-2012 жылдар аралығында «Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» мемлекеттік мекемесінің әр түрлі сала басқармаларының жетекші маманынан бас маманына дейін;
2012-2018 жылдар аралығында «Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» мемлекеттік мекемесінің Өскемен қаласының статистика басқармасының басшысы;
2018-2022 жылдар аралығында Көкпекті ауданы  әкімінің орынбасары;
2022 жылдың желтоқсанынан  2024 жылдың 9 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.