Самар ауданында қант қызылшасын өндіретін зауыт салына ма?

282
көрілім
Фото:еgemen.kz сайтынан

Осы мәселені аудан жұрты облыс басшысы Ермек Көшербаевтың алдында көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпшілік маңызды тақырып деп санаған мәселеден басқарма басшылары да хабардар болды. Осыған дейін Самар мен Көкпекті аудандарын басқарған Баянды Қожамбетовтің айтуынша, бұл жақта тері өңдеу де үздіксіз жалғасқан.
- Кейбір жиналыстарда сандар сөйлеп, статистика озады. Бірақ түптеп келгенде нақты істі аз байқаймыз. 25 жыл ішінде аудан қатты жүдеді. Десе де аудан аяққа тұрып кетеді, біз өзімізге сенеміз. Бір кездері ел көлемінде қант тапшылығы байқалып жатыр деп көпшілік шуласып қалды. Бізде соны өндіретін зауыт болды кезінде. Қант қазылшасын қайта аяққа тұрғызу мүмкін бе? - деді Баянды Қожамбетов.
Ермек Көшербаевтың сөзінше өте маңызды жоба. Бір-екі жылда шешімін табады деу қиын. Бірақ жоспарға енгізіп, тетіктерін қарап көруге болады. Тиісті тапсырманы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовқа жүктеді.