Самар ауданында кейбір ауызсу құбырларының ауыстырылмағанына 50 жылдан асты

126
көрілім
Фотосурет Dalanews.kz сайтынан

Әкімдік өкілдері қазір осы мәселенің шешімін табуға бас ауыртып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысының орынбасары Мұрат Мұхамеджановтың мәліметінше, су құбыры желілері Самар ауылынан бөлек, тағы екі елдімекенде ауыстырылмаған. Нақты айтсақ:

  • Самар ауылындағы су құбыры – 1955 жылы;
  • Сарыбел ауылындағы – 1972 жылы;
  • Палатцы ауылындағы – 1968 жылы тартылыпты.

Осыларды реттеп, қалыпқа келтіру жұмыстары «Самар» мемлекеттік кәсіпорнының жауапкершілігінде.