Самар ауданында құс фабрикасы салынуы мүмкін

230
көрілім
Фото: inbusiness.kz сайтынан

Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Самарлықтар өз өлкелерінің әлеуеті әріде жатқанын осыған дейін де айтып жүрген болатын. Аудан жұртымен жүздескен Ермек Беделбайұлының сөзінше, бұл тақырыптан бірқатар кәсіпкер де хабардар.
- Самарда құс фабрикасын салу бірегей әрі маңызды бастама болмақ. Бұл үшін жан-жақты мүмкіндік бар. Кәсіпкерлерге тиісті ұсыныстар жасалды. Мұндағы іскер азаматтар да қолдауға әзір. Осы уақытқа дейін 322 млн теңгеге суармалы егіншілік ауқымын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді, - деді облыс әкімі.