Бұл туралы Самардың аудан мәртебесін алуды атап өту кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
25 жылдан соң аудан мәртебесіне қайта ие болған самарлықтар мен соған қарасты елдімекен тұрғындары алдағы уақытта түрлі салада ілгерілеушілік болатындығына нық сенімді.
- Ширек ғасыр көлемінде Көкпекті ауданы халқымен тығыз байланыста болып, біте қайнасып кеттік. Осы аралықта жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған белестеріміз аз емес. Алда ауыл шаруашылығы дамып, жаңа жұмыс орындары ашылады, - деді Самар ауылдық округі әкімдігіндегілер.