Самарлық кәсіпкер Самархан Жотабаевтың сөзінше, Қайыңды ауылы орман шаруашылығы құрамынан әлі шыққан жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті жұрт сөзінше, аталған ауылда 100-ге жуық адам тұрады. Бес оқушыны Шұбарқайың ауылына апарып оқытады.
- Біз бұл мәселені бірнеше мәрте көтердік. Біржақты ету керек. Қайыңды деген тұрмысы тұраламаған ауыл. Бірақ орман шаруашылығының құрамында болғаны қынжылтады, - деді кәсіпкер.
Ермек Көшербаев бұл істі бақылауға алатынын жеткізді. Керек болса, тұрғындармен жүздесуге де әзір.