Самар ауданындағы екі ауылдың кіреберіс жолдары жөнделіп жатыр

150
көрілім

Ресми мәлімет Samar_audany парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен жол мәселесі әр жылы бас қатырар тақырыпқа айналған Көкжыра туралы қысқа ақпар ұсынылды. Ол жақтағы орташа жөндеу биыл басталған-тын.
- «Жол жылы» аясында Көкжыра ауылына кіреберіс 2 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Жол жөндеу жұмыстарын ЖШС «Магистраль Д» компаниясы жүргізді, - делінген ақпаратта.
Мәлім болғандай, қазіргі уақытта көкпаршылар ауылы саналатын Көкжотада да осы тірлік.
- «Бастаушы-Көкжота» бағытындағы жолға қара жамылғы төсеу жұмыстары басталды. Жұмысты «Магистраль Д» компаниясы қолға алған. Жол құрылысы ойдағыдай аяқталса, Көкжота ауылының тұрғындары Бастаушыға асфальт жолмен зымырап барары сөзсіз, - деді әкімдік өкілдері.