Самар ауданының бюджеті 3 млрд теңгеден асады

147
көрілім
Фотосурет Kapital.kz сайтынан

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінде 1700-ге жуық адам шағын бизнеспен айналысып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімдік өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы шарықтамауы үшін үнемі бақылау жүргізіліп отырғандығын алға тартты.

Түзетулер енгізіп барып ұсынылған мәліметке сүйенсек, тұрғындардың өз табысы – 1 млрд 738,7 млн теңге. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 544,9 млн теңгеге аз. Бір жағынан ол уақытта Көкпекті ауданымен арадағы есеп-қисап толыққанды реттелмей, сандарға өзгеріс енді. Ал барлық саланы топтап, статистика шығарғанда аудан бюджеті 3 млрд 799,5 млн теңге екені айтылды.

– Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Мұнда ет-сүт шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы басым бағыттар болып саналады. Етті бағыттағы екі асыл тұқымды мал шаруашылығы тіркелген. Одан бөлек, бес шаруа қожалығы етті бағыттағы ірі қара малдың селекциялық-асыл тұқымдық жұмысымен айналысады, онда барлығы 1147 (бір мың бір жүз қырық жеті) бас ірі қара мал бар, – деді әкімнің орынбасары.