Құлынжон мен Көкжыра елдімекендерінде пайдалануға берілген шағын футбол алаңы әбден тозып, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелердің бірі болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімдігінің ақпаратынша, жастардың спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалынып жатыр.
- Мердігер "Bit" жеке кәсіпкерлігінің атқарған жұмыстары нәтижесінде футбол алаңы жаңарып, ауыл ажарын аша түскендей. Жөндеу жұмыстары маусым айының аяғында басталып, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, - делінген ақпаратта.
Шілде айының 3-і күні Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Мұхаметжанов екі ауылдағы футбол алаңының жаңарту жұмыстарымен танысып, Құлынжон ауылдық округінің әкімі Расул Серікқазиновқа бірқатар тапсырма берді.