Самар ауданының әкімі қызметін ауыстырды

294
көрілім

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Махамбетов ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Махамбетов Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысы, Боровской ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Ленинградтағы жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесін «Әуе шабуылына қарсы командалық тактикалық әскерлер» мамандығы бойынша бітірді. 2019 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, «Құқық бакалавры» дәрежесін алды.
1989 жылдан 2019 жылға дейін Қарулы Күштерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап, Серебрянск қаласы әкімінің міндетін атқарса, 2023 жылдың сәуірінде Самар ауданының әкімі болып тағайындалған.