Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың аудан жұртымен есеп беру кездесуінде заңсыз алтын қазушылар мәселесі сөз етілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұрғындар сөзінше, “күтпеген қонақтар” өздерінің әрекеттерін ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдерінде де жалғастырып отыр. Сол тірліктерімен жер қойнауын айғыздап, қоршаған ортаға зиян келтіріп жатыр. Мүмкіндік болса, тікұшақпен тексеріс жүргізіп, заңсыз алтын қазушылардың қай жерде жүргендерін анықтауды өтінді.
- Күршім мен Самар аудандарындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны кезінде осы тақырып талқыға түсті. Жағдай менің бақылауымда. Көлеңкелі бизнеспен күресу керек, - деді Ермек Беделбайұлы.