Аудан әкімдігінің ақпаратынша, Станислав Сопалев шілде айының 1-і күні таңғы сағат 6:00 шамасында үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, 30.12.1993 жылы туған ер адам Әубәкіров көшесі, 8/2 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмады.
- Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Самар аудандық полиция қызметкерлерінен 10 адам, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 адам, Самар жастар ресурстық орталығының еріктілері іздестіру жұмысына қатысуда. Егер кімде-кім оның қайда екенін білсе, көргендеріңіз болса, жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген ақпаратта.