34 жастағы Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Сербияның «Уб» клубына ауысу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Түркістанның «Тұран» сапында ел чемпионы атанған Анарқұлова карьерасын сербиялық «Уб» сапында жалғастырады. Сананың болашақ клубы өткен маусымда тұрақты чемпионатта он екі команданың арасынан бесінші орын алған», - делінген insvolley.kz мәліметінде.
Дегенмен өскемендік «Алтай» клубының экс ойыншысы маусымды Қазақстанда аяқтап, жаңа командасына қазан айында өтетін клубтық Азия чемпионатында ауыспақ.
Айта кетейік, Сана Анарқұлова Таиландтың «Накхонратчасима» командасының құрамында Азия чемпионатын ұтты. Ұлттық құрама капитаны Қазақстан құрамасымен Азия ойындарында қола жүлдегер атанған.