Санаттылық қалай беріледі?

493
көрілім
Қызым магистратура бітірген. Мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Жұмыс өтілі бір жыл. Айлығы 50 мың теңге. II санат әлі берілген жоқ. Заң бойынша мұғалімдерге санат қалай берілу керек?
Рәзия, Семей қаласы
Сіздің сауалыңызға ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары С.Жумадилова жауап берді:
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттары ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген. Біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестаттаудан бес жылдан сиретпей бір рет өтеді. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына аттестаттауға өтінішпен бірге қажетті құжаттар ұсынылады.
Педагогикалық қызметкерді аттестаттау педагогикалық қызметкерлер қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау арқылы педагог қызметкерлердің біліктілік лауазымдық сипттамаларына сәйкес бір кезеңде жүзеге асырылады.