Сары түске боялады

555
көрілім

Облыс орталығының "Жедел жәрдем" станциясының басшылығы қызметтік көліктерді қандай түске бояу қажеттігін ойластыруда, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында министр Елжан Біртанов Қазақстанды "Жедел жәрдем" көліктерінің бірыңғай дизайны бекітілгенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұдан былай бұл саланың қызметтік көліктері сары түсті болуы қажет екен.

— "Жедел жәрдем" станциясында көліктерді қажетті түске бояуға әзірлік жүргізіліп жатыр, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан. - Барлық шаралар мемлекеттік сатып алулар арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, облыстық басқарма министрдің бұйрығына сай бұдан былай барлық "Жедел жәрдем" көліктері кез-келген шақыртуға шыққанда жарқылдауық маягы мен дыбыстық сиренасын міндетті түрде қосып алатындығын ескертті.