Сасықкөл балыққа бай. Мұнда сирек кездесетін көкбас балығы да бар екен. Оны жеген адам уланып қалады.
Көкбас балық ағынды суларды, шоңғалдар мен сарқырамаларды жақсы көреді. Ол қомағай және кез келген тағамды жей береді. Көбінсе бұл балықты құдықтарды лай мен шаяндардан тазарту үшін пайдаланады. Сасықкөл лайлы болғандықтан көкбас балық оның суына үйір көрінеді.
Көкбас балықты аса абайлықпен жейді: оның ішек-қарыны мен басы тағамға пайдалануға жарамайды, себебі өте улы. Оның уылдырығын да жеуге болмайды. Құрсағын қаптап тұратын қара өабықшаны міндетті түрде алып тастау қажет. Балықтың өзі өте дәмді, оны тіпті алабалыққа ұқсатады. Еті майлы әрі жұмсақ болып келеді.
Сондай-ақ, балықшылар бұл көлден осман балығын да ұстай алады, адамдар оны қылышбалық деп те атайды.