Сайлау-2019: Әлеуметтік желілерде үгіт жүргізу заңды ма?

374
көрілім

  «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат ақпараттарын таратудың қаншалықты заңды болатынын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

  Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбайдың айтуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сайлауға үгіттеу заңмен шектелмейді.

  «Әлеуметтік желілер, мессенджерлер - қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі. Сондықтан бұл құралдар арқылы үгіттеуге тыйым салынбайды. Дегенмен, ондай ақпараттарды тарату кезінде жалпыға ортақ әдептілік нормаларын сақтаған жөн. Сондай-ақ, азаматтардың осы мәндегі ақпараттарды ары қарай алудан бас тарту құқығы сақталғаны маңызды» - деді заңгер.

  Серік Ақылбай әлеуметтік желі арқылы үгіт материалдарын тарату өзге бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ережемен реттелетінін де ескертті.