21 тамыз күні Семей қалалық полиция бөліміне зейнет жасындағы ер адам қоңырау шалып, шағымданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, үйде бірге тұрып жатқан 36 жастағы жұмыссыз немересі бағасы 100 мың теңге болатын теледидарды ұрлаған.
Дереу әрекет еткен тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Заңсыз қимылға барған немересі бар кінәсін мойындады. Ұрланған зат иесіне қайтарылған.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалуда.