Семей қаласында қаскөй екі адамды тонап кетті

408
көрілім

Қаскөй екі бірдей ер адамға физикалық түрде күш көрсетіп құндыз бөріктерін тартып алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

10 қаңтар күні Семей қаласының полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы екі тонау фактісін анықтады.

Таңертеңгі уақытта 28 жастағы қала тұрғынына көпқабатты тұрын үй ауласында белгісіз ер адам жақындап келіп, бетінен ұрып құлатып, құны 36000 теңгелік құндыз бөрігін алып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға хабар береді.

- Бұдан кейін тағы бір ер адам хабарласып, дәл осындай шағым түсірді, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті. - Бұл жолы келтірілген шығын көлемі 32000 теңгені құраған.

Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Ол - 29 жастағы жұмыссыз еркек. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 191-бабы 2-тармағына (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.