Семей қаласында құдыққа жылқы түсіп кеткен

492
көрілім

Семей қаласының құтқарушылары мен қала тұрғындарының көмегімен терең құдыққа құлап кеткен жылқы шығарылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Степная көшесінде келеңсіз оқиға болған. Көшенің ортасындағы ашық тұрған құдыққа ат құлап кеткен. Қиын жағдайға тап болған жануарға жаны ашыған куәгерлер дереу құтқарушы мамандарды шақырған.


– Жылқыны құтқару кезіндегі қиыншылықтардың бірі құдықтың суға тола бастауы болды. Құтқару операциясы «АСА» құтқару техникасы мен арнайы белбеулер арқылы іске асты. Абырой болғанда қылқұйрықты жануарды аман-есен алып шыққан, – деп хабарлады ТЖ баспасөз қызметі.