Семей қаласының полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды алаяқтықпен айналысқаны үшін ұстады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Мекеменің бұрыңғы қызметкері өткен жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі уақыт аралығында жұмыс берушісінің 11млн.аса теңгесін иемденіп алған. Қызметтегі лауазымын пайдаланған ол, тауарды сатқаннан кейін ірі курьерлік фирманың қаржысын қалтасына басып, артынша жұмыс орнынан өз еркімен арыз жазып шығып кеткен.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.