Ағымдағы жылдың шілде айында Семей полигонынан зардап шеккен адамдарды тексеретін арнайы комиссия құрылған еді. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова депутаттар және тұрғындармен болған кездесуде айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Облыста 56942 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады.Мүгедек балалар үшін 17 ұйым арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 18 жастан жоғары 553 адам Семей қаласындағы орталықтарда қайта оңалтудан өтеді, – деді Әсем Нүсіпова.
Онымен қоса, бүгінгі таңда полигоннан зардап шеккендер үшін арнайы емдеу орындарының жоқтығы айтылды. 2021-2023 жылдары аталған жоба іске аспақ. Яғни 1,5-18 жастағы балаларға арналған 150 орындық емдеу орталығы салынып бітеді.
– Жоба жасалып, қаржылау қолдау табылғанша үш-бес жыл уақыт кетеді. Сондықтан жекеменшік ғимараттарды көріп, оларды толтыру қажет. Мен Қарағайлыдағы тамаша пансионатты білемін. Екі ай ішінде қала әкімімен бірлесіп МЖӘ шартын дайындаңыздар. Соған сәйкес, ең алдымен көп балалы аз қамтылған отбасылардың балаларына және ата-аналары полигон салдарынан зардап шеккен балаларға көмек көрсету қажет, – деп тапсырды Даниал Ахметов.