Семей қаласының тәртіп сақшыларына 29 жастағы дүкен сатушысы шағымданып, дүкені тоналғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқиға түскі сағат 14.00-де орын алды. Белгісіз ер адам дүкен сөресіндегі бағасы 7500 теңге тұратын спорттық киімді ұрлап кеткен.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында 37 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін тұрғын ұсталды. Күдікті барлық кінәсін толық мойындаған. Бұрын да істі болған жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.