Семей қаласындағы ХҚКО-ларда сот орындаушылары жұмыс атқара бастады

694
көрілім

Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сот орындаушылары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында айыппұлдар мен алименттерді мәжбүрлеп өндіру бойынша шаралар қабылданып келеді. Осы мақсатта Семей қаласы прокуратурасының бастамасымен ХҚКО-да сот орындаушылары жұмыс істей бастаған. Енді, кез келген қала тұрғыны орталыққа барып, төленбеген айыппұлы немесе алимент бойынша берешек сомасын біле алады.

Осы шараны қадағалау органы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және Бас прокуратураның «Айыппұл төлеу!» және «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобаларын жүзеге асыру аясында іске қосты.

Осы шаралар халыққа лайықты қызмет көрсету мақсатында қабылданған. Бұл берешектердің уақтылы өндірілуіне ықпал етеді. Ұтқыр топтардың жұмысы барысында қала тұрғындары бейнетіркеуіш немесе фотоаппаратпен түсірілген жағдайда салынған әкімшілік айыппұлдардың бар екенін білмейтіні анықталды. Сондай-ақ, атқарушылық құжаттарда борышкерлердің мекенжайлары да қате көрсетіледі. Сөйтіп, атқарушылық өндіріс бойынша борышкерлер қазіргі кезде тиісті ақпарат алып, берешектерін өтеуге мүмкіндіктері пайда болды.