Қаңтар айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Затон полиция бөлімшесінің «102» жедел арнасына 61 жастағы ер адам хабарласып, моншаның жанында тұрған белгісіз екі жігіттің бетінен ұрғанын жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес бейтаныс адамдар алдымен ұрып, содан кейін оның «Лада» маркалы автокөлігінің терезесін жұдырықпен соққанын айтып жүгінді.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 29 және 35 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады, олар жауап алу кезінде кінәларын мойындады. Бұл азаматтар криминалистикалық есепке қойылды, - делінген мәліметте.
Тергеу барысында жәбірленуші такси жүргізушісі жолаушыларды дөрекі қылық танытып, алкоголь иісі шығып тұрғандықтан көлігіне отырғызудан бас тартқаны анықталды.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.