Семей қаласының әкімдігі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялады

937
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Семей қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік келесі лауазымдарға өтініш қабылдайды:

1. Семей қаласының ТҮКШ бөлімінің иесіз тұрғын үйді есепке алу жөніндегі секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

2. Семей қаласының білім бөлімінің мектепке дейінгі және орта білім секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

3. Семей қаласының білім бөлімінің тәрбие жұмысы  секторының  бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

4. Семей қаласының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Қалалық әкімдікте конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар мен аталған лауазымдардың функционалдық міндеттері түсіндірілетін болады Барлық сұрақтар бойынша Семей қаласы, Интернациональный көшесі 8 мекенжайына келіп білуге болады. Анықтама үшін телефоны: 8(7222) 567134.