Сәуірдің онына дейін Семейге ұшақпен жетуге ниеттенген жолаушылар алдымен Өскеменге ұшақпен жетіп, ары қарай автобусқа мінуіне тура келеді.
Өскемен қаласының әуежайынан Семейге тіке тартатын автобустың билет құны – 1600 теңге. Ұшақ Өскемен әуежайына қонғаннан кейін автобус бір сағаттан соң шығады. Толығырық ақпарат алғыңыз келсе әуежайдың анықтама қызметі: 24-23-23 және 77-84-84 нөміріне хабарласуыңызға болады. Семей әуежайында түсіндіріп өткендей, бұл ыңғайсыздыққа әуежай алаңына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған көрінеді. Ал Өскемен – Семей бағытындағы әуе рейсі 1-мамырға дейін тоқтатылған.
Аян ӨРІБАЕВ