Бұл жайлы Семей қалалық №2 сотының іс-материалдарында баяндалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Біреуге қарыз берсең де пәле, бермесең де пәле. Бермесең ренжиді, берсең ақшаңды ала алмай әуре-сарсаңға түсесің. Мұны 33 жастағы семейлік жақсы түсінеді. Бір танысына қарыз берген ол жаңағы айқанымыздай ақшасын қайтара алмай дал болған. Араға біршама уақыт салып зығырданы қайнаған ер адам әлгі жігітті тауып алып, пышақ кезейді. «Қарызды қайтар!» деп ақырса да нақты жауап ала алмаған соң оның арқа тұсына пышақ сұғып жіберген. Сот медициналық сараптама нәтижесінен белгілі болғандай, осының салдарынан жәбірленушіге ауыр дәрежедегі дене жарақаты келтіріліпті. Сот процесі барысында тағы бір анықталғаны – айыпталушы қылмыс жасау барысында мас күйінде болған.
Сот үкімі бойынша айыпталушы 3 жарым жылға бас бостандығынан шектелді. Үкім толықтай заңды күшіне енген.