Семей көшелеріндегі жарнамадан 74-ке жуық қателік анықталған

2043
көрілім
Шартты сурет

Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның айтуынша, шаһарда «Сәтті жарнама», «Көрікті жарнама-көркем тіл!» атты апталықтар дәстүрлі түрде өтуде.

– Өткен жылы тіл орталығының қолдауымен «Мен қазақша сөйлеймін», «Тіл шебері», «Тіл дарыны», «Полиглот», «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы», «Тіл-кеңістіктегі Тәуелсіздік кепілі», сияқты сайыстар ұйымдастырылды. Бөлімнің әлеуметтік парақшасында онлайн форматта «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», «Жыр-алыбы Жамбыл», «Елін сүйген Елбасы», «Әлихан аңсаған Тәуелсіздік» атты байқаулар өтті, - деді Назерке Аққожина.

Семейде «Сәтті жарнама», «Көрікті жарнама-көркем тіл!» атты апталықтар дәстүрлі түрде өтеді.

Спикердің айтуынша, дүкен, сауда орталығы, мейрамхана, сән салоны, спорт мекемелері, дәмханалар, қоғамдық көліктердегі көз сүріндірер жарымжан жарнамаларды анықтап, қателіктерді жою үшін арнайы мониторигтік топтар құрылып жұмыс істеуде. Былтыр қала көшелеріндегі жарнамадан  74-ке жуық қателік анықталған.

Сөз соңында бөлімі басшысы Назерке Аққожина тіл заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті.