Семей облысының пайда болуы туралы қауесетке қатысты аймақ басшысы Даниал Ахметов түсінік берді деп хабарлайды газет тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
— Менің ойымша, біз өсек-аяңға көп жол беріп, ғаламтор кеңістігіндегі бір қысқа хабарламаны ауқымды пікірге айналдырып жіберуге тырысамыз, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. — Мәселен, бірнеше ақсақал келіп, Семей облысы деп ауыстыруды сұраған деседі. Оған қажеттілік туындаған жоқ.
Айта кетсек, ел арасында облыс орталығы Семей қаласы болып, Семей облысына айналуы мүмкін деген қауесет әңгіменің таралғанына біршама уақыт болып қалды. Мұндай өсек-аяңның пайда болуы соңғы жылдары Семейде жүріп жатқан ауқымды абаттандыру жұмыстарымен байланысты болуы әбден мүмкін.
Фотосурет yvision.kz сайтынан алынды