«Семей Орманы» филиалының директоры қамауға алынды

530
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

9 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің басшысы мен оның сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман ұрлығын жасады деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жұмыстары жүргізіліп, ұрланған ондаған текше метр ағаш, ағаш өңдеу құрылғылары, ақша мен филиал құжаттары тәркіленді. 
- Сондай-ақ олардың қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру мен жалған құжат жасау ісіне қатысы тексерілуде, - деді ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.