Қазан айының ортасында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Семей қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп есірткі алып жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында үйлердің бірінің жанында 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Рұқсат етілген жеке тінту барысында оның джинсасының сол қалтасынан өсімдік тектес жасыл түсті заты бар бума қағаз табылып, тәркіленді.
- Ұсталған адамның көлігін тексерген полицейлер жүргізуші орындығының астынан дәл осындай тағы бір бума қағаз тапқан, - делінген мәліметте.
Маман қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі жалпы салмағы 4,98 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасын көздейді.