Семей полицейлері жоғалған 14 бас жылқыны тапты

699
көрілім
Шартты фотосурет

Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласы тұрғынынан жылқы жоғалу фактісі бойынша қоңырау түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Семей тұрғыны «Алматы- Семей» тас жолы бойында орналасқан еркін жайылымнан жоғалып кеткен 14 бас жылқы жоғалғанына шағымданып, көмек сұраған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Жоғалған айғыр мен 3-4 жастағы 14 бас бие мен байтал еркін жайылымнан табылды. Жылқышы жоғалған малды өз бетімен іздегенімен, одан нәтиже болмаған. Әрбір қылқұйрықты 400 000 теңгеге бағаланып, жалпы шығын 5 600 000 теңгені құрады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жоғалған мал 5 тәулік ішінде Көкентау ауылдық округі аумағынан, яғни мал жоғалған жерден 60 шақырым қашықтықта табылып, иесіне қайтарылды.