Семей тұрғындары жалған кәсіпке 40 млн теңге құйған

793
көрілім

Семей қаласында алаяқ жалған кәсіпке ақша инвестициялауды ұсынып талайды тұзаққа түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.
– Күдікті халықты әңгімеге тартып, жалған кәсіпке ақша құюды ұсынған. Айласын асырған ол 40 миллион теңгеден астам пайда көрді, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
 Сот үкімімен айыпталушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Осы ретте, облыстық Полиция департаменті өңір тұрғындарын алаяқтардың құрбаны болмас үшін барынша мұқият болуға, күмәнді келіссөздерден аулақ болуға шақырады.